Бұлай болса, 2005-2006 оқу жылында модульдік технологияны қолданудың тиімділігі күмән тудырмайды: егер модульдік технологияны оқу үдерісін жеделдету мақсатында пайдаланудан тиімділік көрсеткіші 9,2 %- ға жоғарылаған болса, осы әдісті жекелендіру үшін пайдаланғанда 15,9 %-ға көтерілген.

Эксперименттің қалыптастырушы кезеңі (2006 - 2007 ж.ж.)


2006-2007 оқу жылының қалыптастырушы кезеңін алдыңғы жылдағыдай есептейміз.


Зерттеу үшін қажетті деректер: БС - 11,12, ҚОИҚ -11,12, БД-11,12 ЖАҚ-11,12 және ССМ–11,12; Қ- 11,12,14 академиялық топтарындағы студенттердің тапсырмаларды орындау нәтижелері (бұлардың қатарындағы БС - 11,12, ҚОИҚ -11,12 топтарында модульдік технология оқу үдерісін жеделдету үшін, ал БД-11,12 ЖАҚ-11,12 топтарында модульдік технологияны қолдану жеке оқытуды көздегенін ескеру қажет) (кесте 2.10).
Кесте 2.10 – 2006 - 2007 оқу жылындағы тиімділік көрсеткіші

Бұлай болса, 2006-2007 оқу жылында модульдік технологияны қолданудың тиімділігі күмән тудырмайды: егер модульдік технологияны оқу үдерісін жеделдету мақсатында пайдаланудан тиімділік көрсеткіші 7,2 %- ға жоғарылаған болса, осы әдісті жекелендіру үшін пайдаланғанда 13,6 %-ға көтерілген. Экперимент өткізілген кезеңінің нәтижелері 23 суретте көрсетілген.


Дәстүрлі Модульдік Жеке оқытуды


оқыту технологияны көздегеніне

оқыту модульдік

үдерісін технологияны

жеделдету қолдану

үшін
Сурет 23 – Эксперименттің қалыптастырушы кезеңінің нәтижесі

2004 - 2005 оқу жылы 2005 - 2006 оқу жылы 2006 – 2007 оқу жылы

Сонымен, қалыптастырушы кезеңінде қарастырған үш оқу жылдарында өткізілген сынақтаманың нәтижесінен шыққан қорытынды:

өткізілген сынақтамалық тәжірибе жұмысы кредиттік оқу жүйесінде модульдік технологияны пайдаланудың тиімділігін, атап айтқанда, оқу материалын қарапайым қайталап айтып беру арқылы меңгеру деңгейінен шығармашылық деңгейге көтерілген студенттер санының пайыз көрсеткішінің ұлғайғанын айғақтайды.

Эксперименттің бақылаушы кезеңі (2004-2007 ж.ж.)

Бақылаушы кезеңінің мақсаты – инженерлік сызбаны оқыту барысында сабақ үлгерімінің сапасын жоғарылату, модульдік техологияны пайдаланудың ұтымдылығын дәлелдеу. Топтарда оқыту әдістері әртүрлі болғанымен, инженерлік сызбаны оқыту бағдарламасы эксперименттен өткен топтардың нәтижесімен бірдей.

Оқыту сапасының критерийі – оқу материалын меңгеру сапасы, оның көрсеткіші – графикалық тапсырманың орындалуына берілген балы және 2.11 кестеде көрсетілген көрсеткіштер арқылы бағаланады. «Инженерлік сызба» пәнін меңгеретін студенттердің әрекетіндегі ұтымды деңгейін көрсетуге негіз болады.

Кесте 2.11 – Инженерлік сызба пәнін оқыту негіздерінің өлшемдіктері мен көрсеткіштері


Қайталаным деңгейінің өлшемдіктері: міндетті орындауы, ситуацияны шеше алуы, білімін қайтадан құрастырып айтып беруі, репродуктивтік іскерлік білдіруі. Эвристикалық деңгейде – білім теориясын меңгерудегі ізденімпаздықтың негізінде жаңаланған әрекет құру, әрекеттену мен амалдануды екінші бір таным әрекетіне алмастыру.

Өнімді - шығармашылық деңгейі – өзіндік ақпаратты өздігінен таныс және таныс емес жағдайларда оқу материалының нысанына бағынышты екенін ескеріп, жоспарлы өзгерте білу. Белсенділіктің эвристикалық деңгейінде - тұрақты қызығушылық, жартылай зерттеу іскерлігі.

Креативтік парасатты іс-әрекеті деңгейде – түйсіктегіштік, неғұрлым оқу материалынан қоры мол болса, “соғұрлым іс дұрыс болмақ”. Белсенділіктің шығармашылық деңгейі, таным әрекетіне қажеттілік, шығармашылық іскерлік.

Базалық білім қорын тексеру үшін 2005, 2006, 2007 жылдардың маусым айларында, жоспардан тыс орындалған бақылау жұмысы өткізілді (нұсқасы В қосымшада келтірілген). Ұсынылған тапсырмаларды орындау барысында студенттер позициялық және метрикалық есептерді шығара алуға қажетті білімдер, біліктер мен дағдыларын көрсетулері тиіс еді. 1-ші есепті шығарғаны үшін қойылатын балдың шектік саны – 50 балл, 2- ші есеп үшін – 20 балл, 3- ші есеп үшін – 30 балл.

Жұмысты толығымен орындағандығы үшін берілетін балдың шектік саны –100, оның төрт балдық жүйедегі баламалары:

1. «қанағаттанарлықсыз» – 49 балдан төмен;

2. «қанағаттанарлық» – 50 балдан 74 балға дейін;

3. «жақсы» – балдан 75 балға 89 балға дейін;

4. «өте жақсы» – 90 балдан жоғары.

Жұмысты орындауға 90 минут уақыт берілді.

Экспериментальдық және бақыланушы топтарда өткізілген жоспардан тыс орындалған бақылау жұмысының нәтижелері 2.12 - кестеде көрсетілген.

Келтірілген деректер білім сапасының бақылаушы топтарға қарағанда экспериментальді топтарда жоғары екендігін дәлелдейді.

Базалық білім қорының деңгейін семестр ағымында істелінген жұмыстардың жеткіліктілігімен салыстыру үшін жоспардан тыс орындалған бақылау тапсырмаларын орындауға қажетті білімдерді талап ететіндей тақырыптар бойынша өткізілген бақылау жұмыстары мен графикалық тапсырмаларға қойылған бағалар іріктелініп алынды.

Бұларға:

1. «Нүкте» тақырыбы бойынша тестілік бақылау (қосымша Г) ;

2. «Түзу» тақырыбы бойынша тестілік бақылау (қосымша Д) ;

3. «Жазықтық» тақырыбы бойынша тестілік бақылау (қосымша Ж) ;

4.«Нүкте. Түзу. Жазықтық» тақырыбы бойынша тестілік бақылау (қосымша К);

5. Көпжақтар мен айналу денелердің жазықтықтармен, түзулермен қиылысуы туралы есеп (қосымша Л) .

Қорыта айтқанда, бағалардың ең үлкен қосындысы 100 балл, семестірлік жұмыстарды бағалау үшін мерзімі кейінге жоспардан тыс орындалған бақылау жұмыстарының бағалануымен сәйкес көрсеткіштер алынды.

Нәтижелерді талдаулар мерзімі кейінге жоспардан тыс орындалған бақылау жұмысы бойынша алған бағалары эксперименттік топтарда 2004-2005 оқу жылында – 24 студентте, бақыланушы топтағы – 4 студентте солардың семестрлік жұмысына қойылған бағалардан өзгермегенін көрсетті, 2005-2006 оқу жылында – 25 студентте, бақыланушы топтағы – 8 студентте, ал 2006 - 2007 оқу жылында – 22 студентте, бақыланушы топтағы – 9 студентте. Екі жиынтық құрамға жататын нысандардың осы қасиетке байланысты таралуын салыстыру үшін χ

2

(хи- квадрат) критерийін пайдаланамыз.


Кесте 2.12 – Экспериментальдық және бақыланушы топтарда өткізілген жоспардан тыс орындалған бақылау жұмысының нәтижелері

Көлемі n1 = 184 және n2 = 202 болатын екі жиынтық құрам бар, мұндағы п1 мен п2 – (тиісінше) экспериментальдық және бақыланушы топтардағы студенттер саны.

Зерттелініп отырған қасиеттің аталымдар шкаласында бірін-бірі жоққа шығаратын 2 (ғана) категория бар. Зерттелінуші қасиеттің іріктеу жиынтығына жататын нысандардағы өзіндік белгілерді өлшеулер нәтижесінде 2.13 кесте құрастырылды.

Бұл кестеде О11 – шегерілген бақылау жұмысының бағасы семестрлік бағадан төмендемеген экспериментальдық топтағы студенттердің саны.

О12 – бағасы төмендеген студенттердің саны.

О21 – бақыланушы топтағы бағасы төмендемеген студенттер саны.

О22 – бағасы төмендеген студенттер саны.

N – экспериментке қатысушы студенттердің жалпы саны.

Осыдан бұрын айтылғандай, критерийді қолдануға қажетті талаптардың барлығы да орындалды:

– екі іріктеу де кездейсоқ;

– іріктеулер тәуелсіз және әрбір іріктелінген топтың мүшелері де біріне-бірі тәуелді емес;

– өлшемдер шкаласы екі категорияны ғана қамтитын аталымдардың қарапайым шкаласы.


Кесте 2.13 – Жоспардан тыс орындалған бақылау жұмысының көрсеткіші

Т өлшемдері статистикасының мәндерін (2.1) формуламен есептейік.

Т =

2.1 формуласымен бойынша есептелінген Т бақ. мәні

5,37, бұл мәнді χ2 кесте бойынша анықталынатын және Т шек.  2,71 мәні бар, α  0,10 деңгейдегі мәндер үшін еркіндік дәрежісінің саны v  1, таралуы χ2, х1-а статистикалық шектің (болжамның) мәнімен салыстырайық.

Екі жақты өлшемдік жағдайындағы дәрежеге сүйеніп, егер Т бақ. > Т шек., онда нөлдік болжамнан жоққа шығаруға негіз бар және Р1i ≠ Р2i альтернативалық болжам қолданамыз.

Эксперименттердің нәтижелері студенттердің инженерлік сызба пәні бойынша дайындығының артқаны байқалынады. Студенттің өздігімен жұмыс істей білуі, өзін-өзі ұйымдастыруы, өзіндік бақылау жасауының көрсеткіші анағұрлым артты.

Модульдік технологияны қолданудың нәтижесінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында эксперименттік топ студенттерінің инженерлік сызба оқу курсы бойынша білім сапасының көрсеткіштері көтерілді, инженерлік сызба пәніне деген қызығушылығы артты, болашақ құрылыс мамандықтарында инженерлік сызбадан алған білімдерінің қажеттігіне көздері жетіп, қолдану жолдарын игерді, графикалық жұмысты орындауға ынтасы артты, графикалық жұмыстарды орындау нәтижесінде өзін-өзі ұйымдастыруға, өз әрекеттерін жоспарлауға, өзіндік бақылау жасауға үйренді.

Осылайша, кредиттік оқу жүйесі бойынша модульдік технология арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудағы болашақ инженерлердің графикалық жұмысының педагогикалық шарттары және оны тиімділеуде мониторинг пен жаңа инновациялық технологияларды қолдану қажеттігі дәлелденді. Эксперименттік топ студенттері кәсіби дайындығына қажетті инженерлік сызба курсынан алған білімдерінің сапасы артырылды, зерттеу болжамы расталды.


2 - бөлім бойынша қорытынды


Зерттеу барысында оқытушылар мен студенттерден алынған сауалнамалар оқыту мәселесінің өзектілігін растап, оны шешудің жолдарын іздеуге түрткі болды. Модульдік технология үлгісінің әдістемелік жүйесінің компоненттерінің тиімділігіне модульдік технологияның ықпалын сәулет-құрылыс факультетінің студенттеріне инженерлік сызба пәнін оқытуда сынап көрдік. Соның негізінде модульдік технология арқылы оқытуды ұйымдастырудың әдістемесі ұсынылды.

Әдістеме модульдік технология арқылы оқытуды мақсатына сәйкес инженерлік сызба графикалық жұмыстарын ұйымдастырғанда студенттердің жұмыстарының ұйымдастыру формаларын өзара үйлесімді болуын, тапсырмалар жүйесін қолдануды, инновациялық технологияларды қолдануды қарастырады.

Зерттеу барысында ұсынылған модульдік технологияның үлгісіне сәйкес оны тиімді ұйымдастырудың педагогикалық шарттары: студенттерге оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі; ұйымдастырушылық; психологиялық; студентердің оқуларын белсендіру мен тиімділігін арттыру шарттарының болашақ инженерлердің кәсіби дайындығының сапасына әсері эксперимент барысында тексерілді. Эксперимент деректерін статистикалық өңдеуде арифметикалық орта, математикалық статистика, тиімділік көрсеткішін, білім деңгейін бағалау коэффициенті есептелді.

Студенттердің жұмыстарын оқу - әдістемелік қамтамасыз етілуі үшін инженерлік сызба пәнінің оқу - әдістемелік кешені өткізілді.

Бұл инновациялы технологиялар аудиториядан тыс студенттердің жұмыстарын ұйымдастыруға, студентке өзін-өзі бақылау жасауға, графикалық жұмыстарын орындауға уақытын тиімділеуге мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы және бақылаушы эксперимент барысында бақылау арқылы жүйелі түрде ұдайы жүргізілетін мониторингтің қажеттігі, оның білім сапасы мен студенттердің графикалық жұмыстарының нәтижесіне ықпалы анықталды.

Эксперимент бағдарламасына сәйкес үш кезеңнен тұратын тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар модульдік технология үлгісінің тиімділігін растады.

Оның тиімділігін бағалау үшін болашақ маманның кәсіби маңызды қасиеттерінің өлшемдіктері алынды.

Қалыптастырушы және бақылаушы эксперименттің нәтижесі бақылау тобына қарағанда эксперименттік топта студенттің графикалық жұмыстарын өз бетімен жұмыс істей білуі, өзін-өзі ұйымдастыруы, өзіндік бақылау жасауының көрсеткіші анағұрлым артты.

Өткізілген эксперимент - тәжірибе жұмысында кредиттік оқу жүйесінде модульдік технологияны пайдаланудың тиімділігін айғақтайды.

Өткізілген эксперимент - тәжірибе жұмысы кредиттік оқу жүйесінде модульдік технологияны пайдаланудың тиімділігін, атап айтқанда, оқу материалын қарапайым қайталап айтып беру арқылы меңгеру деңгейінен шығармашылық деңгейге көтерілген студенттер санының пайыздық көрсеткішінің ұлғайғанын айғақтайды.

Кредиттік оқу жүйесі бойынша модульдік технология арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудағы болашақ инженерлердің графикалық жұмысының дидактикалық шарттары және оны тиімділеуде мониторинг пен жаңа инновациялық технологияларды қолдану қажеттігі дәлелденіп, эксперименттік топ студенттерінің кәсіби дайындығына қажетті инженерлік сызба курсынан алған білімдерінің сапасы арту арқылы айғақтар алынып, зерттеу болжамы расталды.

Қорытынды


Жоғары оқу орнында Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері жүргізіп жатқан реформалар, білім берудің жаңа парадигмасын іздеу, білімденудің инновациялық технологияларының нәтижелі болуына бағдарлану, студенттің тұлғалық моделі мен сапасын әрбір өтілетін пәннің мазмұны арқылы дамытуға бетбұрыс жасады. Білім беруді студенттердің игеруге тиісті мамандығын кәсіби құзыреттілігі сапада меңгерулеріне білімденудің кредиттік технологиясы басқа технологиялармен интеграцияланып өркендеуіне мүмкіндік береді: ол мәнді және сондықтан әр студенттің интериоризациясының даралық келбетін анықтаушы, оның одан әрі иерархиялық жоғарыға көтерілуіне жол ашушы, яғни ең алдымен парасатты іс-әрекет сезімінің оянуына ықпал етуі тиіс деген сенімді орнықтырады.

Сөйтіп, зерттеуімізде көрсетілген үш парадигманың өзі студенттердің болашақта кәсіби құзыретінің артуына түрткі демекпіз.

Кәсіби білім меңгеру мазмұнының тірегі дидактикалық негіз екені, оның әдіснамасы нәтижеге бағдар жасайтын ұтымды, вербальді емес әдістердің жиынтығынан тұратыны еңбегіміздің басымдық маңызы болып табылады. ЖОО-ның білім беру мазмұнында оқылатын пән құрылымының стандарт талабынан формальді емес педагогикалық зерттеулердің нәтижесі парадигманың білімдік жинақталған қағидаларын сіңіре келе, мемлекет сұранысына, қоғамның қажеттілігіне, білімді кредиттік технология мүддесімен сәйкестендіре алу іскерлігіне бағдарлайды.

Білім берудегі тұлғалардың ілімі интеллектуалды әлеуеттеріне қарай өркендеу, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі дамытуы, үзіліссіз болашақ мамандығын шыңдауға қуат жиюы, осыларға деген қызығушылық уәжі мен қажеттіліктер инновациялық сыңайда ұйымдастырылған қауымдық және жеке жұмыстарды саралауға мүмкіндік береді.

Мұнымен бірге ғаламда және Қазақстанда болып жатқан білім беру мақсаты саласындағы өзгерістер, адамның болмысын айшықтауға, оның әлеуметтік әлемге өтуіне, әлемдік міндеттерді ұлттық мүддеге қабыстыра алуға байланысты шешуге бірнеше технологиялардың қызметі сараптау барысында айқындалды. Үш парадигманың «үш киті» болып есептелетін үш тірегі бар: 1. гносеология, 2. онтология, 3. аксиология. Бұл «үш киті» аталған үш парадигманың нәтижеге нормативтік сипатта жүзеге асырылуына жағдай туғызатыны ашылды: біріншіден, студенттің кредиттік технологияны меңгеруі үшін өзінің таным қисынын толыққанды түсінуіне қолайлы жағдай жасау оқытушы-профессордың басты міндет, екіншіден, студенттің өз болмысын, болашақ кәсібіне, табиғатқа, әлемге қатысты дүниетанымның білім мазмұны арқылы дамуына қозғаушы күш болуы – кредиттік технологияда силлабустың нұсқалы құрылуы. Үшіншіден, меңгеруге тиісті болашақ мамандығының жеке басына, қоғамға, халқына, әлемге тигізер рухани құндылығын студент кезінен сезіне алуына оқытушы-профессорлар құрамының мүмкіндік беруі. Нәтижесінде, студенттің когнитивтік, мобильдік құндылықтар жиынтығы білім беру үдерісінде нәтиже ретінде құзыреттілікке ұмтылысын тудырады.

Зерттеу жұмысының барысында жасалған теориялық талдау, тәжірибе нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

1. Зерттеу мәселесін оңтайлы шешуде жоғары оқу орындарының оқыту дидактикасын ғылыми-теориялық негіздеме тұрғысында зерделеніп, студенттердің кредиттік технологиямен оқу үдерісіне қолданылатын ең ұтымды технологиялар, модельдеу, модульдеу, интерактивтік, ақпараттық, қарқындылық, интеграциялық және даралау-саралау, трансформациялау секілді амалдардың нәтижелі болуына маңыз берілді.

2. Кредитті технология режимінде міндетті түрде модельдеу мен модульге салу іс-әрекеті қарастырылады. Бұл орайда студенттердің өзін-өзі тану қисынын меңгеруіне мүмкіндік туғызу мақсатында модульдік оқытудың дидактикалық шарттары құрылды. Бұған дейін модульдік оқытудың педагогикалық шарттары ресми «Педагогика» оқулықтарында арнайы және дербес қарастырылмағаны зерттеліп, оның жеті шарты құрылып, ЖОО-ның білім үдерісіне ұсынылды. Жеті шарттың түрлері мынадай түзілімдерден тұрады:

Бірінші шартында студенттердің іс-әрекетіндегі оқу және ғылыми еңбегінің стандарт шеңберінде дамуына толық қолайлы жағдай туғызылуына назар аударылады. «Оқыту» және «дидактика» ұғымдарының екеуі екі түрлі мағынаны білдіретініне негіздеме берілді; Екінші шартында әр студенттің болмысын, тұлғасын ескеруге, ішкі интеллектуалды әлеуетін өркендетуге, интериоризациясын өздігінен дамытуға мүмкіндік туғызуына көңіл бөлінеді; Үшінші шартында әр студенттің болашақ мамандығына қатысты қажетсіну уәжі мен қызығушылық қабылдау сезімін оятуға мән беріледі. Мұның мазмұны: қайталаным, эмпирикалық, эвристикалық, ізденісті-зерттелім, шығармашылық, креативтік деңгейліктер жіктемесі; Төртінші шартында мамандыққа қатысты оқылатын «Инженерлік сызба» пәнінің әлеуметтік маңызына ден қою; оған салиқалы түсінікпен қарауға бағдар жасалады; Бесінші шартында кредитті технологияға қызмет етер деген ең ұтымды білімденудің инновациялық технологияларының интеграциясын сұрыптауды еске сақтауға бағыт беріледі; Алтыншы шартында әр студенттің стандарт шегінде трансформациялаған білімінің прагматикалық-практикалық жарамдылығын эксперимент арқылы есептеуге ұмтылдыру ескеріледі; Жетінші шартында өтілуге тиісті пәннің мазмұнындағы рухани құндылықтарды мемлекеттің Сәулеті мен құрылымына сәтті қолдануға ұдайы сәйкес келу әрекеттестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау қарастырылады.

3. Студенттерді кредиттік оқу жүйесіндегі модульдік технология арқылы оқытудың үлгісі ұсынылды. Үлгіні құрастыру барысында ескерілген нышандар былай болып келеді:

1) Стандартқа сай құрылған жұмыс бағдарламасының оқыту мазмұнын дидактикалық бірлікте саралау және интериоризациялау дәрежесінде жүзеге асырады. Оның өзі мамандық негізіндегі өзектілікке қатысты шешім табу деңгейі мен кәсіби бейімділікті дамыту тұрғысында құрылады.

2) Кредиттік оқыту жүйемен модульдік бағдарламалардың қандайын таңдау студенттер еншісіне беріледі, сөйтіп, студенттердің өздігінен білімді ғылыми-кәсіби құзыреттілікке қызмет етерлік сыңайда алуға мүмкіндік туады.

3) Кейбір модульдер сценарий сипатында меңгерілуге қолайлы жағдай жасайды.

4) Әрбір студенттің когнитивтік-аксиологиялық пайымын арттыруда кеңестік-үйлестіруші қызмет атқарады.

5) Оқыту мазмұнының нұсқасы тұрғыдағы жүзеге асуы білім мазмұнындағы артық қосымша жүретін түсініктердің қысқаруымен іске асады.

Ұсынылған үлгінің ең негізгі басымдығы – әр студенттің ішкі ойлау пайымының, интеллектуалды әлеуетінің ұдайы пән мазмұны арқылы өркендеп отыруы.

Үлгіге қатысты кредиттік оқыту жүйесіндегі модульдік оқытудың қағидалары, рейтингімен мониторинг құру технологиялары сұрыпталды.


  1. «Инженерлік сызбаны модульдік технология арқылы оқыту» атты инженерлік сызба пәнін оқытуда қолдануға арналған оқу-әдістемелік құрал құрылып, баспадан жарық көрді.

Қолданылған Әдебиеттер тізімі

1 Чернилевский Д. В., Морозов А. В. // Креативная педагогика и психология: учебное пособие. - Москва: Традиция: Академия Проект, 2004. - 560 с.

2 Чошанов М.А. К вопросу о проблемно-модульном обучении. // Среднее специальное образование. - 1991. - №. 3. - С. 10 - 13.

3 Юцявичене П.А. Теория и практика модульного обучения. - Каунас: Швиеса, - 1989. - 272 с.

4 Ермоленко В.А., Новикова Т.Т., Новиков П.Н. и др . Система разработки вариативно-модульной учебно-программной документации для профессионального обучения безработных граждан, незанятого населения и высвобождаемых работников. - Москва, - 1995. - 50 с.

5 Бородина Н.В., Эрганова Н.Е.. Основы разработки модульной технологии обучения: Учеб. Пособие. - Екатеринбург: Изд-во Урал. гос. проф-пед. ун-та, - 1994. - 88 с.

6 Вазина К.А. Модульное обучение. Горький, 1990. - 14 с.

7 Башарин В.Ф. Педагогическая технология: что это такое // Специалист. - 1993 - № 3. - С. 25 - 27.

8 Тетерина Д. Д. Модульная система изучения органической химии // Специалист. - 1992 - № 3. - С. 5 - 6.

9. Кочетов А.И. Культура педагогического исследования. - 2-е изд., испр. и доп. - Минск., 1996. - 312 с.

10 Библер B.C. Целостная концепция школы диалога культур. Теоретические основы программы // Психологическая наука и образование. 1996 - № 4. - С. 66 - 73.

11 Уман А. И. Формирование содержания образования и педагогическая реальность // Инновации в образовании. - 2007- № 11. - С. 4 - 13.

12 Каптеров П.Ф. Проблемы общего образования школьников и качество обучения физике // Педагогика. - 2000 - № 8. С. 15 - 17.

13 Бондаревская Е.В. Теория и практика личностно-ориентированного образования. - Ростов-на-Дону, - 2000. - 351с.

14 Данилюк А.Я. Теория интеграции образования. - Ростов-на-Дону, - 2000. - 448 с.

15 Сериков В.В. Образование и личность: Теория и практика проектирования пед. систем. - Москва: Логос, 1999. - 272 с.

16 Гура В.В., Дикарёв С.Б. Система проектирования электронных образовательных ресурсов. Ростов-на-Дону. Издательство ООО "ЦВВР", 2003. -125 с.

17 Юцявичене П.А. Теория и практика модульного обучения // Советская Педагогика. - 1990 - № 1. - С. 55 - 60.

18 Третьяков П.И., Митин С.Н., Бояринцева Н.Н. Адаптивное управление педагогическими системами. - Москва: Академия. 2003 - 268 с.

19 Громкова М.Т. Мастерство - это технология плюс творчество Высшее образование в России. - 2001 - № 6. - С. 74 - 80.

20 Халюткин В.А. Модульно-блочная система обучения. Сб. трудов научно-методич. Конф. Ставропольской Госсельхоз. Академии. - Ставрополь, - 1995 - № 58. - С. 99 - 102.

21 Родина В.В. Опыт разработки модульно-блочной системы обучения // Сб. трудов научно- методический. конф. Ставропольской Госсельхоз. Академии. - Ставрополь, - 1995. - № 58. - С. 28 - 29.

22 Блохин Н.В. Формирование профессионально важных навыков и качеств в условиях модульного практико-ориентированного обучения: Автореф.…дис. канд. пед.наук: 13.00.08. - Ярославль, 1999, - 16с.

23 Чошанов М.А. Гибкая технология проблемно-модульного обучения. Методическое пособие. - Москва: Народное образование, 1996. - 160 с.

24 Третьяков П.И., Сенновский И.Б. Технология модульного обучения в школе: Практикоориентированная монография Под.ред. П.И. Третьяков. - Новая школа, 1997 - 352 с.

25 Гараев В.М., Куликов С.И., Дудко Е.М. Принципы модульного обучения // Вестник высшей школы. - 1997 - № 8. - С. 30 - 33.

26 Балашов Ю.К., Рыжов В.А.. Профессиональная подготовка кадров в условиях капитализма. - Москва: Высшая школа, 1987. - С. 7 - 11.

27 Закорюкин В.Б., Панченко В.М., Твердин Л.М. Модульное построение учебных пособий по специальным дисциплинам. Проблемы вузовского учебника. - Вильнюс: ВГУ, 1983. - С. 73 - 75.

28 Внедрение модульной системы обучения в начертательной геометрии и инженерной графики Александрович Ф.Н., Шепетьев И.А., Лихонос В.А., Шульженко И.А.// Сборник трудов научно-методической конференции. Ставропольской Госссельхозяй.академии. - Ставрополь, 1995. -№ 58. - С.62 - 63.

29 Куписевич У.. Основы общей дидактики / перевод с польского Долженко О.В. - Москва, 1966. - 210 с.

30 Оконь В.. Введение в общую дидактику. - Москва, 1990. - 230 с.

31 Коменский Я.А. Избранное педагогические сочинения. - Москва, 1955. - С. 299 - 301.

32 Шуканова Ф.К. Повышение квалификации инженерно-педагогических кадров как средство формирования их профессиональной компетентности. Дисс. на соис. уч. степ.док. пед. наук. - Алматы, 2005. - 278 с.

33 Шілмағамбетова Ж.Ж. Сызба геометрия курсын оқыту барысында студенттердің ойлау қабілетін кеңістік модельдері арқылы дамыту әдістемесі. 13.00.02. - пед. ғыл. канд. ғыл. дәреж. алу үшін дайындалған диссертациясы.

- Алматы, 2006. - 138 б.

34 Линчевская Т.А. Становление и развитие школ инновационного типа в Республике Казахстан. Диссертация на соискание ученой степени кандидата пед. наук. - Алматы, 1998. - 150 с.

35 Лошак А.А. Педагогические условия овладения студентами умением планировать познавательную деятельность в учебном процессе. Диссертация на соис. уч. степени канд. пед. наук. - Целиноград, 1985. - 142 с.

36 Оспанов Ғ.Х. Сызба геометрия курсын оқыту барысында студенттердің дерексіз ұғымдарды түсінуін қалыптастыру. Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. - Алматы, 2001. - 149 б.

37 Исаева М.А. Роль аксиоматического метода в осуществлении познавательно - мировоззренческой направленности углубленного изучения геометрии в средней школе // Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата педагогических наук. - Москва, 1991. - 15 с.

38 Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоения знаний. - Москва: МГУ, 1975. - 244 с.

40 Стефановская Т.А. Педагогика: наука и искусство. Курс лекций. Учебное пособие для студентов, преподавателей, аспирантов. - Москва: Издательство ”Совершенство”, 1998. - 368 с.

41 Жумабаев М. Педагогика. - Алматы: Рауан, 1993. - 112 б.

42 Выготский Л.С. Сборник сочинений в 6-ти томах. - Т. 1. Гл. ред. Запорожье. - Москва: Педагогика, 1985. - 103 с.

43 Гальперин П.Я. Введение в психологию. - Москва: МГУ, 1976. - 150 с.

44 Клинберг Л. Проблемы теории обучения. Педагогика, 1984. - 256 с.

45 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған: Мелекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 2004. 16 қазан. - 2 б.

46 Хрестоматия по истории зарубежной педагогики // сост. Пискунов А.И. - Москва: Просвещение, 1981. - 121 с.

47 Песталоции И. Избранные педагогические сочинения в 2-х томах // под. ред. Столетова В.Н. - Москва: Педагогика, 1981. - 334 с.

48 Дистерверг А. Избранные педагогические сочинения. - Москва: Учпедгиз, 1956. - 374 с.

49 Дью Дж. Мое педагогическое кредо. - Львов, 1933. - 19 с.

50 Окунь Я. Факторный анализ. - Москва: Статистика, 1974. - 200 с

51 Бекирова Р.С. Модуль "Неопределенный интеграл": Методическое пособие. - Братск: БрГУ, 2005. - 56 с.

52 Вазина К.Я. Саморазвитие человека и модульное обучение. – Нижний Новгород, 1991. - 225 с.

53 Лаврентьев Г.В.  Инновационные обучающие технологии в профессиональной подготовке специалистов. -Барнаул: Издательство Алтайского университета, 2002. - 232 с.

54 Уемов А.И. Логические основы метода моделирования. - Москва: Мысль, 1971. - 311с.

55Ақпанбек Ғ. Сызба геометрия /оқу құралы/. - Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1998. - 208 б.

56 Майоров А.Н.. Теория и практика создания тестов для системы образования. - Москва: Интеллект-центр, 2002. - 296 с.
Қосымша А

Қайталаным-эвристикалық деңгейде шешілетін типтік тестілер.

1

. Бейнелеудің негізінде қандай тәсіл жатады

?

а) Нүктенің проекциясы нүкте.

б) Беттің жазықтыққа проекциясы оның нүктелері арқылы

в) Түзудің проекциясы түзу.

2. Қандай проекциялау көрсетілген?

а) Параллель.

б) Қиғаш бұрыштап.

в) Орталық .

3. Проекция деген не?


 


а) Фигураның белгілі бір ереже бойынша жазықтыққа түсірілген кескіні;

б) Проекциялар жазықтығына параллель бет;

в) Проекция жазықтығының параллель көшірілуі.

4. Екі проекциясы берілген нүктенің профиль проекциясы қалай тұрғызылады?

V  және  H байланыс сызықтарымен;

W  және   H байланыс сызықтарымен;

V  және  W байланыс сызықтарымен.

5. Инженерлік сызбаның негізгі тәсілі неден құрылады?

а) Сызба бетіндегі нақтылықты көрсетуден;

б) Жазық сызбада беттің 2-ші немесе 3-ші проекциясын түрғызудан;

в) Болжам бейнесін тұрғызудан.

6. Жалпы жағдайда орналасқан түзудің қанша проекциясы бар

?


 

а) Біреу;

б) Екеу;


в) Үшеу.

7. Қандай проекциялау берілген?


а) Өзара параллель AB және CD түзулердің қиғаш бұрышты проекциялары;

б) Өзара параллель AB және CD түзулердің тік бұрышты проекциялары;

в) Өзара параллель AB және CD түзулердің параллель проекциялары.

Қосымша Б

Өнімді-шығармашылық деңгейде шешілетін инженерлік есептер.


1Есеп

Бір қабырғасы 45 мм, ал келесі қабырғасы 55мм және осы 55мм-ге тең қабырғасына қарсы бұрышы 70° болатын үшбұрыш салыңыздар.


2 Есеп

Екі нүкте берілген: Е(3; 6; 8) және С(2; 8; 12).Осы нүктелер арқылы өтетін үш жазықтық жүргізіп, олардың координаталар жазықтығымен қиылысу сызықтарын салыңыздар.


3 Есеп

Берілген С (2; 7; 12) және Е( 4; 12; 1) нүктелері анықтайтын түзудің эпюрін және іздерін салу керек.


4 Есеп

Берілген С нүктесі арқылы β түзуіне параллель е түзуін және онымен қиылысатын фронталь f, горизонталь h түзулерін жүргізу керек.

β

2
х

С

2


β

1 •

С1

5 Есеп

Жалпы жағдайда орналасқан СDE үшбұрышы мен β түзуінің қиылысу нүктесін салу керек.

D

2

β

2

E

2

С

2

х


E

1

β

1

С

1

D

1

Қосымша В

Креативтік деңгейде шешілетін есептермен тестілер.


I денгей


1. Сызбада АВС Δ жазықтығы қалай аталады.



2. Сызбада кескінделген f түзуі қалай аталады?



3. АВ түзуі мен СD түзуі өзара қалай орналасады?

II денгей

I I денгей

1.Берілген АВ түзудің ізін анықтаңыз.


2. А, В, С және D нүктелері нешінші октантта орналасқан.

3. Берілген К нүктесі жазықтықта жата ма жоқ па?


III денгей


1.Сызбада берілген АВС Δ жазықтықтың ізін салыңыз.


2. Сызбада берілен АВС Δ жазықтықтың

және К нүктесінің ара қашықтығын табыңыз.



3. Берілген түзулердің ара қашықтығын табыңыз.


IV денгей



1. Эпюрде іздермен берілген β жазықтығында жататын АD түзуінің фронталь проекциясы көрсетілген. AD түзуінің β жазықтығы іздерімен бірдей қашықтықта жатқан нүктесін салу керек.

2. Фронталь және α жазықтығы берілген. Осы түзуінің жазықтығына көлбеулік бұрышын анықтаңыз.

3. Берілген екі АВ және СD айқас түзулердің аралындағы бұрыштың натурал шамасын аңықтаңыздар.
©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

Темербаева Жанна Амангелдиевна - бет 7

Зерттеу үшін қажетті деректер: БҚ-11,12,14 және БД-11,12, ҚМБҚЕ - 12 БС-11,12,14 академиялық топтарындағы студенттердің тапсырмаларды орындау нәтижелері (бұлардың қатарындағы БС-11,12,14 топтарында модульдік технология оқу үдерісін жеделдету үшін, ал БД - 11,12 және ҚМБҚЕ -12 топтарында модульдік технологияны қолдану жеке оқытуды көздегенін ескеру қажет).

Кесте 2.9 – 2005 - 2006 оқу жылындағы тиімділік көрсеткіші


Тәсіл

Іріктелгенде студенттердің саны

4 деңгейдегі есептерді шығарған студенттердің саны

Тиімділік көрсеткішінін

%


Дәстүрлі оқыту


61

2

5,5

МТ оқу үдерісін жеделдету үшін

34

5

14,7

Жеке оқытуды көздегеніне МТ қолдану

28

6

21,4


Тәсіл

Іріктелгенде студенттердің саны

4 деңгейдегі есептерді шығарған студенттердің саны

Тиімділік көрсеткішінің

%


Дәстүрлі оқыту


62

4

6,4


МТ оқу үдерісін жеделдету үшін


44

6

13,6

Жеке оқытуды көздегеніне МТ

қолдану

35

7

20


Өлшемдері

Көрсеткіштері

Қайталаным және эвристикалық икемдіктері

Өнімді-шығармашылық еріктіліктері


Креативтік парасатты іс-әрекеті



-инженерлік сызбадан меңгерген білім көлемін түсіндіре алуы;

-гносеологиялық әрекеттерді меңгеру біліктілігі, мақсат қоя алу іскерлігі;

-студенттердің қабілеттері инженерлік сызба пәнінің ұғымдарына сай дамуы, оның тәжірибеде қолданылуы.

-стандарт ауқымындағы жіктеген талаптардың мақсатын модульдерге және оның блоктарына сабақтастық қағидасына сай жіктей алуы;

-өзін қоршаған құрылыстан өзгеше құрылыс дизаинын қарастыруға құлшыныстың оянуы;

-ғаламшарда болып жатқан жаңалықтың ең ұтымды нұсқасын түсінігіне сай бағдарлай алуы;

-пәннен алған білімін тәжірибеде пайдалана алу қабілетінің ұдайы ұштаса түсуіне бейімділігін ыңғайлауы (ерік-жігері, шыдамдылығы, жауапкершілігі);

-нормативті мақұлданған іс-әрекеттер технологиясын игеруі және басқа тұлғалардың озық тәжірибелерін өзінің тәжірибесімен салыстырып, оның ғылыми негіздерінің технологиясын құруға дағдылануы.

-ұлттық сипатқа негізделген құрылысқа ынталы мінездің тууы, өздерінің құрбы-құрдастарының және ересектерге біліммен, ғылыммен ортаға жағымды ықпал жасай алуы, кәсіптік білімінің қажеттілгі, оның заманауи талабына сай дамуына ішкі интеллектуалды әлеуеттің дайындығы;

-өзінің табиғи ыңғайына қарай аксиологиялық, гносеологиялық, праксеологиялық бағамының ұдайы өнімділігі;

-ұлғайған сайын лексикалық кәсіби тілі, ғылыми пайым-парасаты, креативті (басқадан озық ойлы) шеберлігі, халықаралық, ғаламдық кеңістікке танылуға ниеттенуі;

-меңгерген ғылымының (мамандыққа қатысты) сұранымға себеп болу.



Кезең

Топ

тар


Балдар

2004-2005 ж.ж.

2005-2006 ж.ж.

2006-2007 ж.ж.

Бақылаушы

Эксперименттік

≥ 90

12,12 %

16,39 %

14,51 %

≥75 ≤ 89

38, 35 %

32,12 %

37,09 %

≥50 ≤ 74

34,38 %

39,04 %

36,25%

≤ 49

15,15 %

12,45 %

10,15%

Бақылаушы



≥ 90

4,91 %

3,22 %

6,32 %

≥75 ≤ 89

22,12 %

24,17 %

26,58 %

≥50 ≤ 74

46,35 %

51,61 %

50,63%

≤ 49



26,62 %

21 %

16,45 %


1 категория

Білімінің нәтижесі

өзгерген жоқ


2 категория

Білімінің нәтижесі

өзгерді


№1 іріктеу n 1  184


О11  71


О12  23

№2 ірікте n 2 202

О21  21


О22  37


Сұрақтар


Жауаптар

I

II

III

Қай сызбада А нүктенің горизонталь проекциясы дұрыс көрсетілген



А3
Х

А2



А2 Х
А3

А2
Х
А1

П1 деген қандай проекциялар жазықтығы


Жазықтықтың профиль проекциялар жазықтығы


Жазықтықтын

горизонталь

проекциялар жазықтығы


Жазықтықтың

фронталь

проекциялар жазықтығы


М2 деген жазулар нені көрсетеді


М нүктенің фронталь проекциясы


М нүктенің горизонталь проекциясы


М нүктенің профиль проекциясы

Нүктеден П3 = Оуz жазықтығына дейнгі қашықтығы оның.....


Апциссасы деп атайды


Аппликатасы деп атайды


Ординатасы деп атайды


?


stadii-izmeneniya.html

stadii-lihoradki--.html

stadii-ostrogo-lejkoza--.html

stadii-patogeneza.html

stadii-raboti.html